"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 10-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.03.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысымен бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі ― Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-тармағы 10-1) тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 54-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптiк кешен саласында жергілікті бюджет қаражаты есебінен инновациялық жобаларды енгізу және тарату, Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды енгізу және тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді ұсыну үшін оларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Инновациялық жобаларды іріктеу агроөнеркәсіптік кешеннің мынадай салалық бағыттары бойынша:
1) өсімдік шаруашылығы және егін шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин);
2) мал шаруашылығы және ветеринария;
3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
4) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу;
5) табиғи ресурстары: су, балық, орман шаруашылықтары салаларында жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапты "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі – Басқарма);
3) инновациялық – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жасау жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағыттылықты;
4) бәсекеге қабілеттілік – қол жеткізілетін нәтиженің оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретінде айқындалатын, қол жеткізілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік деңгейінде көрінетін ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
5) өтініш беруші – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Солтүстік Қазақстан облысының АӨК енгізу және тарату үшін инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралары бар өтінімді берген, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (АӨК субъектісі).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.03.2023 № 36 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары
3. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жөнінде консультациялық қызмет көрсету, соның ішінде ғылыми шығыс материалдарын сатып алу;
2) ауыл шаруашылығы өндірісіне талдамалық тиімді әзірлемелерді енгізу жөніндегі қызметтер;
3) зертханалық талдаулар жүргізу, соның ішінде енгізу нәтижелері бойынша;
4) АӨК субъектілерінің немесе аграрлық бейіндегі ғылыми, тәжірибелік және өзге де ұйымдардың өндірістік базасында инновациялық жобаны енгізу жөніндегі ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндерін) өткізу;
5) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тәжірибесі мен алынған нәтижелерін тарату (тұсаукесерін өткізу, мақалалар жариялау, брошюра, буклет дайындау және басып шығару, бейне материалдар дайындау).
4. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мыналарға беріледі:
1) Солтүстік Қазақстан облысының жағдайларына қарай АӨК саласындағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге;
2) Солтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қарай АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату.
5. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК саласындағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізу және тарату мынадай жұмыс түрлерін қамтуы мүмкін:
1) ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің технологиялық процесстерін енгізу және тарату;
2) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және көбейту (конструкторлық жұмыстар);
3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жасалған жаңалықтың принциптік ерекшеліктері бар түпнұсқалық моделдерді) енгізу және тарату;
4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату.
6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңмен жүзеге асырылады:
1-кезең: басқарма өтінімдерінің толықтығы мен оларды ресімдеу сапасын, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарауы;
2-кезең: басқарманың осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде олар бойынша кешенді қорытынды дайындауы;
3-кезең: Комиссияның өтінімдер мен кешенді қорытындыларды қарауы;
4-кезең: басқарманың Комиссия қорытындысы негізінде инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.
7. АӨК субъектілерінің инновациялық жобасы, аграрлық бейіндегі ғылыми жетістіктерін (әзірлемелерін) және инновациялық агротехнологияларын енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мерзімі мен сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.
3. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемдері
8. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді конкурстық негізде басқарма жүргізеді.
9. Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, АӨК саласында қызметті жүзеге асыратын бизнес және ғылым өкілдерінен құрылған Басқармамен құрылады.
10. Басқарма конкурс өткізу күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және басқарманың ресми сайтында конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
11. Құжаттар беру және инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу мерзімдерін жыл сайын басқарма айқындайды.
12. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбахатты;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын;
5) заңды тұлғалар үшін (қосымша):
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын берумен мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы;
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлғаның қызметі тоқтағанша дейін жарамды болып табылады;
соңғы екі жылдың қаржылық есептілігінің көшірмесін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта салық төлеушінің салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы адамның қолы және салық органының мөрі қойылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
өтініш берушінің өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта банкке (банктерге) (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, бұл анықтаманы осындай банктің әрқайсысы береді) мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолы және банктің (банктердің) мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасын;
салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқаларын берумен өтініш берушінің аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;
салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқаларын берумен аграрлық бейіндегі немесе жалға беру шартындағы ғылыми-техникалық және инновациялық технологияларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасына құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
6) жеке тұлғалар үшін (қосымша):
өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесін;
салық төлеушінің өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан кем емес салық берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын берумен өтініш берушінің аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың (болған жағдайда) көшірмелерін.
13. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші ұсынатын материалдар парақтары тігіліп, нөмірленіп және іс болып қалыптастырылуы тиіс.
14. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
15. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған соң, басқарма 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі бойынша іріктеу жүргізеді.
16. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес емес екендігі анықталған жағдайда, басқарма бұл туралы құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлайды.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды, мерзім өтіп кеткен жағдайда, егер өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жоймаса, өтінім қабылданбайды.
Басқарма пысықталған өтінімдерді олар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
Өтінім қабылданбаған жағдайда, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
17. Басқарма осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және инновациялық жобаларды іріктеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер бойынша ұсынылған өтінімдердің инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде кешенді қорытынды дайындайды.
18. Комиссия басқарманың өтінімдері мен кешенді қорытындысын басқармадан инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына өтінімдер бойынша кешенді қорытындыны алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Инновациялық жобаны (ларды) іріктеуге қойылатын талаптар:
1) өтініш беруші материалдарының қоса берілген өтініміне осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
2) жобаның инновациялылығы, техникалық іске асырушылығы және оның Солтүстік Қазақстан облысының аумағында АӨК-ке енгізуге және таратуға дайындық деңгейі;
3) осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
4) инновациялық жобаның қаражатын игерудің және Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаның ілгерідегі басымдылықтарының толық тұжырымдалған пайымдауының болуы;
5) инновациялық жобаларды орындау үшін қажетті жабдықтың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;
6) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
7) инновациялық жобаның экономикалық мақсаттылығы.
20. Комиссия материалдарды қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған бюджеттік бағдарлама аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарып, Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Комиссияның барлық мүшелеріне қол қойғызады.
21. Комиссия ұсынымдарының негізінде басқарма отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған бюджеттік бағдарлама аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен инновациялық жобаны қаржыландыру туралы себебін негіздей отыра, оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Басқарма инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқарма мен конкурс қорытындылары бойынша айқындалған өтініш беруші арасында инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі шарт жасалады.
23. Инновациялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты оның нысаналы мақсатына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына қатаң сәйкестікпен пайдалану инновациялық жоба туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
24. Инновациялық жобаны қаржыландыруға берілген бюджет қаражаты бекітілген шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда толығымен жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
25. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және (немесе) АӨК субъектілерінің инновациялық агротехнологияларын енгізуге және таратуға арналған Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат беру басқарма қорытындысының нәтижелері және Комиссия ұсынымы бойынша жүргізіледі.
26. Мыналар Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған бюджет қаражатын өтініш берушінің игеру нәтижесі болып табылады:
1) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің жетілдірілген технологиялық процесстерін ұйымдастыру;
2) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің ғылыми әзірлемелерін енгізу және тарату туралы есеп;
3) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің селекциялық жетістіктерін енгізу және тарату туралы есеп;
4) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің өндіруге ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімінің тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;
5) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімін немесе жабдықты өндіруге технологиялық (конструкторлық) құжаттаманы беруі туралы есеп;
6) Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің нақты инновациялық технологияларын, инновациялық жаңалықтарын және ғылыми әзірлемелерін енгізу және тарату жөніндегі облыстық кеңес (семинарлар, егістік күндерін) өткізу туралы есеп.
27. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:
1) еңбек өнімділігі мен өтінім беруші және аудан (облыс) экономикасы өндірісінің тиімділігін жақсартуға ықпалын бағалау арқылы нақты және айқын нәтижелерді қамтуы тиіс инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері;
2) бұрыннан қолданылатын технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудан Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділік;
3) инновациялық жобаны енгізу нәтижелерін Солтүстік Қазақстан облысының АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға байланысты экономикалық бағалау;
4) енгізуден болатын технологиялық тәуекелдерді барынша азайту және АӨК нақты субъектісінің жағдайларында енгізу процесстерін ғалымдардың жеке сүйемелдеу жолымен жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан ең жоғары табыс алу.
28. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру кезінде Солтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қарай қолданылуға жататын АӨК субъектілерінің аграрлық бейіндегі қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерін (әзірлемелерін), одан әрі енгізу және тарату мақсатында, аграрлық бейіндегі ғылыми-техникалық және инновациялық салаларында жұмыстарды атқаруға персоналдың біліктілігін растайтын ғылыми ұсынымдар, аккредитациялар, лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар және басқа да құжаттарды қолдануы ескеріледі.
29. Аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шаралар үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі шартта айқындалатын мерзім ішінде Солтүстік Қазақстан облысының АӨК субъектілерінің кәсіпорындарында инновациялық жобаларды міндетті түрде енгізген жағдайда жүзеге асырылады.
30. Аграрлық бейіндегі инновациялық жобаларды енгізу және тарату бойынша инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге негіздеме оларды қолдану үшін объективті қажеттіліктің болуы және іріктеп алынған инновациялық технологияның дәйекті бәсекелі артықшылықтары болып табылады.
31. Бюджет қаражатын нысаналы мақсатына сәйкес тиімді пайдалану мақсатында басқарма жасалған шарттың талаптарына сәйкес іс-шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторинг жасайды. Растайтын ақпараттың шарт талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, басқарма мұндай ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде өтініш берушіге қосымша ақпарат ұсыну немесе анықталған сәйкессіздіктерді жою қажет екендігі туралы хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Өтінім
1. | Тіркеу нөмірі және күні (басқарманың қызметкері толтырады) | |
2. | Инновациялық жобаның атауы | |
3. | Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы) | |
4. | Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттары мен мәнін, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданысын, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесін көрсету) | |
5. | Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша) | |
6. | Жобаның басталған және аяқталған күні | |
7. | Сұратылатын қаражат сомасы (теңге) | |
8. | Өтініш берушінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасы | |
9. | Өтініш берушінің байланысушы адамының тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы | |
10. | Инновациялық жобаның жетекшісі (тегі, аты және лауазымы, телефоны/факсы, электрондық поштасы көрсетіледі) | |
11. | Инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын АӨК субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасы |
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(атауын көрсету)
Жұмыс түрлері | Күтілетін нәтижелер (1 жыл) | |||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |
1. | ||||
2. |
Жұмыс түрлері | Күтілетін нәтижелер (2 жыл) | |||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |
1. | ||||
2. |
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбахат
1. Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы
2. Іс-шараларды iске асыру орны: аудан, елді мекен
3. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараның мақсаттары мен міндеттері (1 (бір) беттен аспайды)
4. Негiзгi өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысушы АӨК субъектісiнің қысқаша сипаттамасы (1 беттен аспайды):
толық атауы;
негiзгi өтініш беруші және инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысушы АӨК субъектілер қызметінің сипаттамасы;
негізгі мамандар, олар атқаратын жұмыс түрлері (түйіндемесін және бiлiктiлiгін растайтын құжаттарын қоса бере отырып);
осы бағдарлама аясында басқа жобаларды iске асыру туралы ақпарат.
Жеке тұлға АӨК субъектісінен өтінім ұсынылған жағдайда білімін, жасын, қызметінің негізгі түрлерін және жұмыс тәжірибесін көрсету қажет.
5. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың негіздемесі: өндiрiстің осы сегментіндегі проблеманы, іс-шара қай мәселені шешуге бағытталатынын көрсету. Іс-шараларды іске асырудың өзектілігі мен қажеттiлiгiн, оның Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-тің технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнiмдiлiгіне ықпалын сипаттау (0,5 беттен аспайды).
6. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды iске асыру аясында атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады, өндiрiсте қолдану үшін, жобаны орындау барысында байқаудан өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан мен облыс экономикасы үшiн практикалық мәнін бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерін, ресурстарға қажеттiлікті, соның ішінде бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға қатысатын АӨК субъектiсінiң базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгiзу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымдастыру әдiснамасын көрсету (2 беттен аспайды).
7. Нәтижелiлiгі: инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері. Еңбек өнiмдiлiгін және өтініш беруші мен аудан (облыс) экономикасын жақсартуға ықпалын бағалау арқылы нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиiс.
Бұрыннан қолданылатын технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны іске асырудан болатын экономикалық тиімділікті көрсету, Солтүстік Қазақстан облысының АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның мақсатқа сай екендігін негіздеу (1 беттен аспайды).
8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және өңірдің табиғат ресурстарына ықпалын (оң, бейтарап немесе кері) бағалауды қамтуы тиіс. Кері ықпал еткен жағдайда, мұндай ықпалды азайту үшiн не iстелетінін көрсету қажет (0,5 беттен аспайды).
9. Тәуекелдер: инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды сәтті аяқтаудағы негізгі тәуекелдер және осындай тәуекелдерді еңсеру шаралары (0,5 беттен аспайды).
10. Жобаның өміршеңдігі: инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілері өндiрiсiнің қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен аспайды).
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралар шығыстарының сметасы (атауын көрсету)
мың теңге
№ | Шығыстардың баптары 2 | Өлшем бірлігі | Бағасы | Құны | соның ішінде айлар бойынша | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||||
1. | Жалақы | |||||||||||||||
1.1. | ||||||||||||||||
1.2. | ||||||||||||||||
2. | Іссапар шығыстары | |||||||||||||||
2.1. | ||||||||||||||||
2.2. | ||||||||||||||||
3. | Тікелей шығыстар | |||||||||||||||
3.1. | ||||||||||||||||
3.2. | ||||||||||||||||
4. | Үстеме шығыстар | |||||||||||||||
Жиынтығы: |
1 Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың әрбір жылына бөлек көрсетiледi
2 Бюджет қаражатынан және өтініш берушілердің меншікті қаражатынан (болған жағдайда) қаржыландырылатын шығыстарды бөлек көрсету
Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының АӨК саласында инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі ШАРТ
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2019 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ ____ 20____ жылғы "_____" __________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ________________________________________________________ атынан ___________________________________________________________ Ереженің негізінде әрекет ететін, ___________________________________________________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын _________________________ атынан _________________________ негiзiнде әрекет ететін ___________________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, 20____ жылғы "___" _________________ №_______ өңірдің АӨК мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі жергiлiктi атқарушы органдағы уәкiлеттi органның шешiмiн және Комиссия отырысының 20____ жылғы "____" ________________ хаттамасын басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу және тарату жөніндегі осы Шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. 159 "Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" өзгешелік 255.019.000 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес орындалатын Cолтүстік Қазақстан облысы АӨК саласындағы инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша жұмысты Тапсырыс берушi тапсырады, ал Орындаушы өзiне қабылдайды.
Бағыты:________________________________________________________________
Тақырыбы:_____________________________________________________________
1.2. Орындаушы "_______________________________________" әзірлеген инновациялық жобаға сәйкес ______________________________________________________________ _________________________________________________________________ инновациялық жобасын тарату және енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайлардында қызмет көрсетуге мiндеттенеді:
1) _________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
1.3. Орындаушының қызмет көрсету мерзiмі 20_____ жылдың ішінде.
1.4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады:
1) осы Шарт;
2) Көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі (Осы Шарттың № 1 қосымшасы)
1.5. Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейiн қызмет көрсетілген болып саналады.
2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ БІЛІКТІЛІК БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1. Жұмыстың бағыты:
2.2. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық):
2.3. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де қолданылатын саласы:
2.4. Енгiзу мен таратудың түпкілікті нақты нәтижесі:
2.5. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Орындаушы:
1)______________________________________________________________________ инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті сапада қызмет көрсетуге;
2) осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде көрсетуге;
3) егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқыса, анықталған барлық кемшiлiктерді Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге;
4) Орындаушы 1.3-тармақта көрсетілген мерзімге дейін тапсырыс берушіге атқарылған жұмыстар туралы толық қорытынды есеп беруге міндетті.
3.2. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге.
2) Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғанға дейін Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тартуы туралы жазбаша хабарламаны алғанға дейін Орындаушыға көрсетілген қызметтердің бір бөлігіне тең белгіленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды атқару үшін өндірістік объектілер мен басқа да объектілерге еркін қол жетімділікті Орындаушының қызметкеріне беруге;
2) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды жүргізуде жәрдем көрсетуге;
3) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды Орындаушымен әзірленген технологияға сәйкес қатаң түрде атқаруға міндетті.
4. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ
4.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындардың құнын қоса есептегенде _____________ теңге (жазбаша).
4.2. Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен қызметтерге мынадай тәртіппен еңбек ақы төлейді:
Осы Шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Тапсырыс беруші Шарт сомасынан 30% алдын ала төлем жасайды.
Тараптармен орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтзбелік күннен кешіктірмей, бұдан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстап қалу есебімен факт бойынша Жеткізушінің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен Тапсырыс берушімен қалған сома төленеді.
4.3. Қаржыландыру көзі: Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті бюджеті.
4.4. Орындаушы және бірге орындаушылар өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп жүргізуді және орындалған жұмыстың кезеңдері бойынша нақты құнына талдау жасауды қамтамасыз етуге міндетті.
5. ЖҰМЫСТЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
5.1. Орындаушы бекітілген Өңірдің АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына сәйкес ғылыми-техникалық және Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау кезеңдерінде Орындаушы ресімдеуге және тапсыруға тиіс өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы тоқсан сайынғы аралық есеп беруге міндетті.
5.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есепті осы Шарт орындалып біткеннен кейін ___________ жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей беруге міндетті.
5.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге ___________ жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей, орындалған жұмыстардың актісін береді.
5.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен бұрын жұмыстарды қабылдауға және жұмыстың ақысын төлеуге құқылы.
5.5. Егер жұмысты орындау барысында кері нәтиже алынатындығы немесе жұмыстарды одан әрі жүргізуді жалғастыру орынсыз екені анықталса, Орындаушы жұмысты тоқтатқаннан кейін 5 күндік мерзімде Тапсырыс берушіге хабарлап, жұмысты тоқтатуға міндетті.
Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың орындылығы мен бағыттары туралы мәселені қарауға міндетті.
6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
6.1. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жауап береді.
6.2. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушы ұсынатын қызметтерге байланысты Шартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
6.3. Көрсетілген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне мерзімі кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Шарттың жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
7. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
7.1. Орындаушының тарапынан осы Шартта көзделмеген бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Шарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, Орындаушы Тапсырыс берушіден осындай негіздер бойынша осы Шарттың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
7.2. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты араларында туындайтын барлық келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер барысында шешу үшін барлық күшін салуы тиіс.
7.3. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, кез келген тарап бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
8. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР
8.1. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады.
8.2. Осы Шарт үш данада жасалды. Үш дананың барлығы бірдей және бірдей күші бар.
8.3. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама хат, жеделхат, факс немесе электрондық пошта арқылы жіберіліп, кейін түпнұсқасы ұсынылады.
8.4. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, Орындаушы Шартта көзделген мерзімде қызмет көрсете алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Шарттың аясында өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірместен, мерзім өткен әрбір күн үшін Шарт бағасының 0,1%-ы мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде Шарт бағасынан ұстап қала алады.
8.5. Осы Шарт Тараптармен қол қойылғаннан кейін бұдан әрі аумақтық қазынашылық органында тіркеумен күшіне енеді және 20 ___ жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.
8.6. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" дегеніміз Орындаушының бақылауына бағынбайтын, Орындаушының қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес алдын ала болжауға болмайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға соғыс қимылдары, табиғат және стихиялық апаттар, оба, карантин және Қызметтерді көрсетуге эмбарго сияқты, бірақ олармен шектелмейтін іс-қимылдар жатуы мүмкін.
8.7. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Орындаушы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жолдауы тиіс. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Орындаушы орындалуына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға қатысы жоқ балама тәсілдерін іздейді.
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тапсырыс беруші: Орындаушы:
_______________ _______________ (қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны
20____жылғы __________ | |
№_______Шартқа | |
№1-қосымша |
20____жылғы " ____" __________ №______ ШАРТ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛГЕН № _____ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ
20____ жылғы "____" __________
Біз, төменде қол қоюшылар, Тапсырыс беруші атынан _______________________, ___________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ бір тараптан және орындаушы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бірінші басшы _____________________________________________________________________________ екінші тараптан, осы Акт арқылы 20____ жылғы ____________ №_____ Шартқа сәйкес 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдағанын растаймыз:
а)
б)
в)
Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) құны
_______________________________________________________________________ Сомасы санмен және жазбаша, валюта атауы.
Барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда. Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған және шарттың талаптарын қанағаттандырады. Тараптардың бір-біріне наразылығы жоқ.
Мөр орны ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты
Мөр орны ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты