Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 326 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 26/4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5008 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Барлық тұрғындары кеткен және қоныс аударған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Ломоносовское ауылы таратылсын.

      Ескерту. 1-тармақта "Ломоносовка" сөзі "Ломоносовское" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.06.2019 № 174 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 34/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғылықты халқының саны елу адамнан кем болатын әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын:

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі Беспаловка ауылы;

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі Шақпақ ауылы;

      Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Студеное ауылы;

      Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Прогресс ауылы.

      Ескерту. 2-тармақта "Студенное" сөзі "Студеное" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.06.2019 № 174 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 34/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен.

      3. Солтүстік Қазақстан облысының таратылатын елді мекендері:

      Беспаловка ауылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі Жаңасу ауылының құрамына;

      Шақпақ ауылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі Гаршин ауылының құрамына;

      Студеное ауылы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Щучье ауылының құрамына;

      Прогресс ауылы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Белое ауылының құрамына енгізілсін.

      Ескерту. 3-тармақта "Студенное" сөзі "Студеное" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.06.2019 № 174 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 34/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен.

      4. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары ауданның және облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов
      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Ахметбеков
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады