"Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 326 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 174 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/9 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 маусымда № 5463 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 326 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 26/4 шешіміне (2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5008 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармағында:

      қазақ тіліндегі мәтінде "Ломоносовка" сөзі "Ломоносовское" сөзіне ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2 және 3-тармақтарында:

      "Студенное" сөзі "Студеное" сөзіне ауыстырылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
М. Тасмағанбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А. Сапаров
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады