Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Молодая Гвардия ауылы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Жас Ұлан ауылы болып қайта аталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы |
А. Сапаров |
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
В. Мантариди |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |