"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 282 (2018 жылғы 23 қазан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелді) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 374 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 282 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтер, теңге | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 2 545 | 25 450,0 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 6 150 | 123 000,0 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 0 | 0,0 |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 150 000 | 100 | 15 000,0 |
4. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу | бас | 225 000 | 0 | 0,0 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңда-рына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының тоннасы | 200 | 150 000 | 30 000,0 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңда-ры үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының тоннасы | 200 | 4 500 | 900,0 |
| |||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | бір жынысты | доза | 10 000 | 200 | 2 000,0 |
1.2 | қос жынысты | доза | 5 000 | 3 000 | 15 000,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 100 | 15 000,0 |
2.2 | Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған | бас | 225 000 | 1 400,0 | 315 000,0 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының тоннасы | 35 | 9 500 000 | 332 500,0 |
3.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының тоннасы | 20 | 1 700 000 | 34 000,0 |
3.3 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының тоннасы | 10 | 1 400 000 | 14 000,0 |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағының тоннасы | 10 | 1 500 000 | 15 000,0 |
4. | Қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 0 | 0,0 |
5. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 | 0 | 0,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 0 | 0,0 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 50 | 270 500 | 13 525,0 |
3. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | тонна | 40 | 35 000 | 1 400,0 |
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | |||||
1. | Республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған құстардың финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алу | бас | 60 | 0 | 0,0 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,7 | 45 500 000 | 122 850,0 |
2) | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,5 | 132 000 000 | 330 000,0 |
3) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 48 500 000 | 106 700,0 |
4) | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,0 | 0 | 0,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 140 000 | 2 000 | 280 000,0 |
2. | Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас | 40 000 | 100 | 4 000,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 2 500 | 1 300 | 3 250,0 |
1.2 | тауарлық аналық бас | бас | 1 500 | 1 000 | 1 500,0 |
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 8 000 | 30,0 | 240,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 15 | 1 500,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 2 500 | 150,0 |
Бал ара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 0 | 0,0 |
облыс бойынша ЖИЫНЫ | 1 801 965,0 |