Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 26-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5022 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 09.11.2023 № 9-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсандағы жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      17 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "17. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.";

      3-қосымшаның 11) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "11) пробация кызметінің есебінде болуы;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының ХХVI
сессиясының төрайымы
Ә. Ақмамбаева
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады