Біріккен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 151 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-7 "Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі Тоқшын селосы шекараларының өзгеруі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 340 және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 27-16 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5111 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына, 37-бабы 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біріккен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы 2009 жылғы 22 маусымдағы № 151 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы №14-7 "Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі Тоқшын селосы шекараларының өзгеруі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-2-105 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 шілде "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      біріккен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің преамбуласы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      біріккен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар біріккен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасында қазақ тіліндегі "селолық", "селосы", "селосының", "біріккен" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", "бірлескен" сөздерімен ауыстырылсын;

      біріккен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар біріккен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Д. Байтөлешов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихаты
XXVII сессиясының төрағасы
С. Семенюк
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады