"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аралағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш селолық округі Рублевка селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1930 тіркелді, 2012 жылғы 15 қарашада аудандық "Аққайың" және "Колос" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аралағаш ауылдық округінің әкімі |
Б. Сәдуақасов |