"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4)-тармақшысына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26- бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астрахан селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазандағы № 1899 тіркелген, 2012 жылғы 18 қазанда аудандық "Колос" және "Ақайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі тақырыбы, мәтәні және шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімінің м.а | Т.Кокорская |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесініңбасшысы
___________________ О. Плищенко
2018 жылғы "11" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,
құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдықшаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдықмемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________________Б. Омаров
2018 жылғы "11" шілде