"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округінің Безлесное селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 09 қарашада № 1938 тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні, және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі |
Е. Витковская |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ О.Плищенко
2018 жылғы "11" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет,құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
___________________ Б. Омаров
2018 жылғы "11" шілде