"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округінің Сенное селосы көшесіне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қазанда № 4911 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округінің Сенное селосы көшесіне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1939 тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашасында "Колос" және "Аққайың" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Власовка ауылдық
округінің әкімі
Е. Витковская

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады