"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4851 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4) тармақшысына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 9 қазанда № 1894 тіркелді, 2012 жылғы 18 қазанда аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің м.а. А. Роман

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ О. Плищенко

      2018 жылғы "10" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,

      құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушылар көлігі

      және автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________________Б. Омаров

      2018 жылғы "10" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады