Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 10.07.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ивановка ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылы көшелеріне атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 7 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылы көшелерінің атауы
1) № 1 көше - Буденный;
2) № 2 көше - 1 май;
3) № 3 көше - Сәбит Мұқанов;
4) № 4 көше - 9 май;
5) № 5 көше - Интернационал;
6) № 6 көше - Комсомол;
7) № 7 көше - Школьная;
8) № 8 көше - Мир;
9) № 9 көше - Народная;
10) № 10 көше - Рабочая.