"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округінің Барыкөл селосы көшесіне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 тамызда № 4891 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қиялы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округінің Барыкөл селосы көшесіне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 12 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1946 тіркелген, 2012 жылғы 29 қарашасында аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қиялы ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Е. Мейрамов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі басшысы

      ________________ О. Плищенко

      2018 жылғы "24" тамызы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,

      құрылыс, тұрғын үй-

      коммуналдықшаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________________Б. Омаров

      2018 жылғы "24" тамызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады