"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Полтавка селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1910 тіркелді, 2012 жылғы 1 қарашада аудандық "Аққайың" және "Колос" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында және шешімнің мәтінінде, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
О. Семенюк |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________О. Плищенко
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,
құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________________Б. Омаров
2018 жылғы "10" шілде