"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі Тюменка селосының көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 тамызда № 4894 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тоқшын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі Тюменка селосының көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 41 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 2086 тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтарда аудандық "Колос", "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқшын ауылдық
округінің әкімі
Б. Имантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады