"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Степное селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 қазанда № 1905 тіркелінді, 2012 жылғы 29 қазанда аудандық газеттерінде "Аққайың", "Колос" жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында, шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Добромирова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________О. Плищенко
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
___________________Б. Омаров
2018 жылғы "10" шілде