Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің Южное ауылындағы көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 4939 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Шағалалы ауылдық округі халкының пікірін ескере отырып, Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Южное ауылының:

      Советская көшесі Бірлік көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шағалалы ауылдық
округінің әкімі
Г. Добромирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады