Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 6-26-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қаңтарда № 5145 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6- 47-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-3 тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4147 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидаларда):

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидалардың 2-қосымшасының 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "13) пробация қызметінің есебінде тұруы;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының
XXVI сессиясының төрағасы
Л.Ларионов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанахметов

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28желтоқсандағы № 6-26-4 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы шешімнің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне 1-қосымша

Атаулы күндермен, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

р/б №

Атаулы күндердің, мереке күндерінің және әлеуметтік көмек алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"

1

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қиымлдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электростанциясындағы апатты еске алу күні"

1

Чернобыль атом электростанциядағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электростанциядағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электростанциядағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциядағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциядағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одтақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған , жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері).

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссриаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың опертивтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде атқарған әскери қызметшілер,сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдері наградталған адамдар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

10

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

12

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 рет – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

13

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.

Жылына 1 рет – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты-Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi-Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) "Құрметті азаматтары".

Жылына 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады