Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылы аумағында Ньюкасл құс ауруы бойынша карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий селолық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 4827 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі әкімінің 04.10.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 21 маусымдағы № 06-29/147 ұсынуы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкое ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылы аумағында Ньюкасл құс ауруы бойынша карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Д. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады