Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қазанда № 4912 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабына сәйкес, Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 06-29/280 ұсынысы негізінде Елецкий ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылының аумағында Ньюкасл құс ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеніне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий селолық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 4 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылы аумағында Ньюкасл құс ауруы бойынша карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4827 болып тіркелді, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Д. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады