"2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 01 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 4551 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4386 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы";

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, жынысы ер азаматтарын тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.";

      шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі
В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2017 жылғы "___" ___________
Қ. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады