Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 04 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 4556 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 30.01.2019 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) бекітілген, Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дудов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы № 4 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 09.10.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны

"Жарық-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

3%

3

"Содружество-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

114

3%

3

"Тоқсан би Ишим" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2%

2

"Тахтаброд-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

3%

5

"АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

2%

2



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады