Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 30.01.2019 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 4 "Мүгедектерге арналаған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4556 болып тіркелген, 2018 жылғы 02 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымдар атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота мөлшері | Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны |
"Жарық-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 110 | 3% | 3 |
"Содружество-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 114 | 3% | 3 |
"Тоқсан би Ишим" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2% | 2 |
"Тахтаброд-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 180 | 3% | 5 |
"АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2% | 2 |