"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 76 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 наурызда № 4621 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 7 тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) оны ресми жариялағаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі М.Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаменті
      Есіл ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы М.Байжанов
      2018 жылғы 19 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады