"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Жамбыл ауданы әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына берілсін:
1) өтініш берген сәтте жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш берген сәтте бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
2. Осы шешімнің 1-тармағы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттердің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
Жамбыл ауданы | |
мәслихатының кезектен тыс | |
XIХ сессиясының төрайымы | О.Овчинникова |
Жамбыл ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Б.Мұсабаев |