"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 4772 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 12/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 12/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын және бөлек қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/14 шешіміне (2014 жылғы 3 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2650 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы
мәслихатының
XXIII кезектен тыс
сессиясының төрайымы
Д.Тоққожина
      Жамбыл ауданы
мәслихатының хатшысы
Б.Мусабаев

  Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/4 шешіміне қосымша
  Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/14 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің Троицкое ауылының тұрғындарына

13

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің Орталық ауылының тұрғындарына

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады