Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 518 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 41/1 "Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Карлуга селосының шекараларын өзгерту туралы" біріккен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 451 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 34/4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5019 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7- бабы 4- тармағына, 37- бабы 7- тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 518 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 41/1 "Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Карлуга селосының шекараларын өзгерту туралы" біріккен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-8-157 болып тіркелді, 2012 жылғы 13 қаңтарда "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша қазақ тіліндегі "біріккен", "селосының", "селосына" сөздері "бірлескен", "ауылының", "ауылына" сөздерімен ауыстырылсын;

      2) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша орыс тіліндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзіне ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Ж. Сәдуақасов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
М. Безуглова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады