Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл селолық округі әкімінің 2008 жылғы 26 қарашадағы № 233 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл селосының кейбір көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 411 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 5081 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл селолық округі әкімінің 2008 жылғы 26 қарашадағы № 233 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл селосының кейбір көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-94 тіркелген, 2008 жылғы 06 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде, 2008 жылғы 13 желтоқсанда "Қызылжар" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосының", "селосында", "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылында", "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бескөл ауылдық округінің
әкімі
Е. Багенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады