"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 01-06/104 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылындағы "Куделя" жеке кәсіпкерлігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 140 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4458 тіркелген, 2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Бақытжан |