Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 140 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 4458 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 19.06.2018 № 103 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 11-11/319 ұсынысы негізінде, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылында "Куделя" жеке кәсіпкерлігінің бруцеллез аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Прибрежный ауылдық
округінің әкімі
У.Байтұсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады