Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5057 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 01-11/142 ұсынысы негізінде, Рассвет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Красная Горка ауылындағы "Жанбай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Рассвет ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 08 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рассвет ауылдық
округінің әкімі
Х. Жанабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады