Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 74 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 333 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5090 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 16.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 - баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 74 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Омаров

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы __ желтоқсандағы № __ қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 74 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары жұмыстарындағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасымен ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (жұмысшылардың санынан процент)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады