Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 74 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 4672 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 16.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (2016 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Аудан әкімі А. Бегманов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 74 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары жұмыстарындағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мүгедектері үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасымен ұйымдардың тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 14.12.2018 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (жұмысшылардың санынан процент)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады