Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында, сонымен қатар көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары мәтіні бойынша (бұдан әрі-Қағидалар) мемлекеттік тілде "қағидасын", "қағидасы", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидаға" сөздері "Қағидаларын", "Қағидалары", "Қағидаларда", "Қағидалардың", "Қағидаларға" сәйкесінше сөздеріне ауыстырылсын;
орыс тілінде көрсетілген шешімнің тақырыбы, 1-тармағы, сонымен қатар Қағидалардың мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
Қағидалардың 3-қосымшасында 12) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"12) пробация қызметінің есебінде болу;".
2. Осы шешім оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Қ.Бекенов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нұрмұқанова |