"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 03 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4833 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №1970 болып тіркелді, 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Құрымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады