"Ленин селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне ат қою туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қазандағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4847 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ленин селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне ат қою туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қазандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-92 болып тіркелді, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Самұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады