"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында қызметін іске асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 сәуірдағы № 71 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4172 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы | |
мәслихатының ХХI | |
сессиясының төрайымы | Л. Валяева |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Шәріпов |