"Тайынша ауданы Амандық селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 7 маусымдағы №6 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 06 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4808 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тайынша ауданы Амандық селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 7 маусымдағы №6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13-11-179 тіркелді, 2010 жылғы 9 шілдеде "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 9 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      С. Мұқаншәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады