Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6-32 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 5200 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 13-10 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 13-10 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 с шешіміне (2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4174 тіркелген,) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):

      Қағиданың 19-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "19. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 22) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ шақырыған
ХХХІІ сессиясының төрағасы
М.Балтабаев
      Уәлиханов аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Кәдіров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ___________ Қ. Ақсақалов

      2018 жылғы "___"_______

  Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6-32 шешіміне қосымша
  Уәлиханов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

р/б №

Атаулы күндердің, мереке күндерінің және әлеуметтік көмек алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері

15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына 1 ( бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.

Жылына 1 ( бір) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына 1 ( бір) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы.

Жылына 1 ( бір) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.

Жылына 1 ( бір) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқыны" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты анна" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 ( бір) - 15(он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы

Жылына 1 ( бір) - 15(он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, азаматтардың, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – Отанды қорғау күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы

Жылына (1) бір рет - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы

Жылына (1) бір рет - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – Жеңіс күні

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 ( бір) – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 ( бір) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.

Жылына 1 ( бір) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Екiншi дүние жүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.

Жылына 1 ( бір) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.

Жылына 1 ( бір) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына бір рет - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

12

Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.

Жылына 1 ( бір) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолдаңылғанғадейін тұрақты өмір сүрген адамдармына төмендегі жағдайларда табылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқара жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезенінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия трибуналдарының айыпталуы;
в) Қазақстаннан тысқара жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын –сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық органдар: Кеңестік Соцалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер халық комиссарияатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша колдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасаған үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Жылына 1 ( бір) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру органдарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезенде оң сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады

Жылына 1 ( бір) -7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына 1 ( бір) – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады