"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімімен мәлімделген қажеттіліктерді ескере отыра, 2018 жылы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
1) өтініш беру кезінде жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) өтініш беру кезінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылады.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданы | |
мәслихатының ХХII | |
сессиясының төрағасы | Д. Жарқынбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Ө. Әмрин |