Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 16.04.2019 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 37 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4076 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес 81-95-тармақтарымен толықтырылсын.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Атырау облысы әкімдігінің | |
2018 жылғы "26" қарашадағы | |
№ 302 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары
№ | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері | Тыңайтқыштар құрамындағы әсерлі заттар мөлшері, % | Өлшем бірлігі | Бір бірлікке субсидия нормалары, тенге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
81 | Минералды тыңайтқыш SWISSGROW Phoskraft MnZn | P2O5-30, Mn-5, N-3, Zn-5 | литр | 2 075 |
82 | Минералды тыңайтқыш SWISSGROW Bioenergy | аммоний N-6,9, органикалық зат-44 | литр | 2 415 |
83 | Минералды тыңайтқыш Nitrokal | жалпы N-9, нитратты N-8, CaO-9, Mg-5, Mo-0,07 | литр | 1 300 |
84 | Минералды тыңайтқыш Super K | K2O-40 | литр | 2 225 |
85 | Минералды тыңайтқыш BioStart | жалпы N-3, нитратты N-2, аммонийлы N-1,4, P2O5-30, Zn-5 | литр | 1 820 |
86 | Минералды тыңайтқыш Phoskraft MKP | P2O5-35, K2O-23 | литр | 1 950 |
87 | Минералды тыңайтқыш Curamin Foliar | жалпы N-3, Сu-3 | литр | 2 210 |
88 | Минералды тыңайтқыш Aminostim | жалпы N-13,2 органикалық N-13,2, органикалық C-40 | килограмм | 2 350 |
89 | Минералды тыңайтқыш Sprayfert 312 | жалпы N-27, нитратты азот N-5,1, аммиакты азот N-1,8, мочевина - 20,1, P2O5-9, K2O-18, Mn-0,1, Zn-0,1, B-0,05 | килограмм | 2 300 |
90 | Минералды тыңайтқыш Algamina | жалпы N-9, органикалық N-2, органикалық C-17, P2O5-6, K 2 O-21, MgO-2, Cu-0,08, Fe-0,2, Mn-0,1, Zn-0,01 | килограмм | 2 220 |
91 | Минералды тыңайтқыш Agrumax | жалпы N-16, аммиакты азот N-1, мочевина-15, P2O5-5, MgO-5, B-0,2, Fe-2, Mn-4, Zn-4 | килограмм | 1 900 |
92 | Минералды тыңайтқыш SWISSGROW Phomazin | жалпы N-3, аммонийлы N-1,5, мочевина-1,5, P2O5-30, Mn-5, Zn-5 | литр | 1 990 |
93 | Минералды тыңайтқыш SWISSGROW Thiokraft | жалпы N-12, аммонийлы N-9, P2O5-15, K2O-5, SO3-30 | литр | 1 750 |
94 | Минералды тыңайтқыш Vigilax | жалпы N-7,6, аммонийлы N-4,8, органикалық зат-40 | литр | 1 850 |
95 | Минералды тыңайтқыш SWISSGROW Fulvimax | гумин қышқылының натрий тұзы-92,2, органикалық N-3,4 | литр | 1 165 |