Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 123 "Жылыой ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысын жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 83 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 4081 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 123 "Жылыой ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Ә.И.Шәкіров) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Құттұмұрат-ұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады