Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 4074 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 16.07.2018 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 34 ұсынысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қара Арна ауылдық округінің "Дархан–Дала" шаруа қожалығының "Көлқұдық" аумағына қарасты, құтұрық ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (Н. Укибаев), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (Д. Жарилгасова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қара Арна ауылдық округі әкімі Е. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады