Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 87 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қарашада № 4271 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі қаулысына және "Техэксперт-Эко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі эксперттік мекемесінің 2018 жылғы техникалық қорытындысына сәйкес, Махамбет ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының аудандық емхана ғимаратында қауіпті жағдайдың туындауына байланысты, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Махамбет ауданы әкімінің орынбасары З.Мұқаш тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады