"Қазақстан Республикасының әкімшілік– аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысы негізінде, Алмалы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алмалы ауылдық округінің Береке ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 2 көшені - Күлтегін есімі;
2) № 3 көшені - Әбу Насыр әл-Фараби есімі;
3) № 4 көшені - Қожа Ахмет Йассауи есімі;
4) № 5 көшені – Сұлтан Бейбарыс есімі;
5) № 6 көшені – Қобыланды батыр есімі;
6) № 7 көшені - Қасым хан есімі;
7) № 8 көшені - Нұрмұхан Жантөрин есімі;
8) № 9 көшені - Абылай хан есімі;
9) № 10 көшені - Кенесары Қасымұлы есімі;
10) № 11 көшені - Шоқан Уәлиханов есімі;
11) № 12 көшені - Ыбырай Алтынсарин есімі;
12) № 13 көшені - Шәкәрім Құдайбердіұлы есімі;
13) № 14 көшені - Әлихан Бөкейханов есімі;
14) № 15 көшені - Ахмет Байтұрсынұлы есімі;
15) № 16 көшені - Міржақып Дулатов есімі;
16) № 17 көшені - Халел Досмұхамедұлы есімі;
17) № 18 көшені - Шәмші Қалдаяқов есімі;
18) № 19 көшені - Сағадат Нұрмағанбетов есімі;
19) № 20 көшені – Сарыарқа атауы;
20) № 21 көшені - Сарайшық атауы;
21) № 22 көшені - Төле би есімі;
22) № 23 көшені - Қазыбек би есімі;
23) № 24 көшені - Әйтеке би есімі;
24) № 25 көшені - Махамбет есімі;
25) № 26 көшені - Исатай есімі;
26) № 27 көшені - Тұрар Рысқұлов есімі;
27) № 28 көшені - Әбілқайыр хан есімі;
28) № 29 көшені - Бұқар жырау есімі;
29) № 30 көшені - Бауыржан Момышұлы есімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Қ. Қойшығали |