Ақтоғай ауылдық округінің Ақтоғай ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 13 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 қазанда № 4268 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37- баптарына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысының негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауылының атаусыз көшеге келесі атау берілсін:

      №1 көшеге – Астана атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Б. Орынғали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады