"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 244-V "Мақат аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2965 болып тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (А. Әміров).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы |
Ж. Тәжібаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Исмагулов |