Оңтүстік Қазақстан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 104 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 27 сәуірде № 4576 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 1 маусымдағы № 133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.06.2020 № 133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 90 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2046-нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 395 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3478-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж. Түймебаев
      Ә.Ш. Өсербаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Б.С. Жамалов
      Е.Ә. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      Т.К. Сәрсембаев
      А.С. Сәбитов
      А.Б. Тасыбаев

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 104 қаулысына
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi

Су айдындарының атауы

Орналасқан жері

1

Ешкілі көлі

Арыс қаласы

2

Ащыкөл көлі

3

Байырқұм көлі

4

Шірік көлі

5

Досан-Қарабас су қоймасы

Бәйдібек ауданы

6

Қапшағай су қоймасы

7

Көкібел су қоймасы

Қазығұрт ауданы

8

Ағанай су қоймасы

9

Рабат су қоймасы

10

Копытное көлі

Мақтарал ауданы

11

Бөген су қоймасы

Ордабасы ауданы

12

Бөржар су қоймасы

13

Теспе су қоймасы

14

Ақшығанақ көлі

Отырар ауданы

15

Қалған көлі

16

Ақкұм көлі

17

Сарыкөл көлі

18

Көккөл көлі

19

Аяқкөл көлі

20

Шошқакөл көлдер жүйесі

21

Жүзімдік көлі

Сарыағаш ауданы

22

Үштөбе су қоймасы

Созақ ауданы

23

Шұқырой су қоймасы

24

Аққолқа су қоймасы

25

Қарақұр су қоймасы

26

Ақсүмбе су қоймасы

27

Таушаға су қоймасы

28

Баба-ата су қоймасы

29

Қызылкөл көлі

30

Торлан су қоймасы

31

Күмісті-1 су қоймасы

32

Бақырлы су қоймасы

33

Күмісті-2 су қоймасы

34

Күркіреуік су қоймасы

35

Таскенсаз су қоймасы

36

Сүйіндік су қоймасы

37

Шу өзені жайылма көлдерімен қоса

38

Мәслихат көлі

Түркістан қаласы

39

Тұщы көлі

40

Камышовое көлі

41

Шаршынкөл көлі

42

Соркөл көлі

43

Тамдыөзек көлі

44

Иіркөл көлі

45

Тораңғыл көлі

46

Көшқорған су қоймасы

47

Ұзынбұлақ су қоймасы

Төлеби ауданы

48

Ащысу су қоймасы

49

Шілтер су қоймасы

50

Лебединная көлі

Шардара ауданы

51

Ақберді көлі

52

Шардара көлі

53

Пішентөбе көлі

54

Айдаркөл көлі

55

Баспанды көлі

56

Аэродром көлі

57

Байшығар көлі

58

Қызылту көлі

59

Қалгансыр көлі

60

Жайсан көлі

61

Алтын жағажай көлі

62

Қоссейт көлі (№ 3 бөлімше)

63

Ұзыната көлі (№ 5 бөлімше

64

Қазақстан көлі (№ 4 бөлімше)

65

Қазақстан көлі (№ 5 бөлімше)

66

Қазақстан № 1 көлі (№ 7 бөлімше)

67

Қазақстан № 2 көлі (№ 7 бөлімше)

68

Қазақстан көлі (№ 8 бөлімше)

69

Тоғыс су қоймасы

Шымкент қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады