Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 31/339-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қарашада № 4812 болып тіркелді

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 31 қазандағы № 46/448-ІV "Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қаларалық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2061-нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Әшіров
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев

  Түркістан облыстық мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 31/339-VI шешіміне қосымша

Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесі

Қатынас

1

Түркістан – Бадам – Түркістан

2

Түркістан – Сарыағаш – Түркістан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады